+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Көкшетауда Қытайдан келген қандастар тұрып жатқан үйлер жөндеуге мұқтаж - әкімдік

2020 жылғы 13 наурыз 17:13
Бөлісіңіз:
Көкшетауда Қытайдан келген қандастар тұрып жатқан үйлер жөндеуге мұқтаж - әкімдік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы қоғамдық комиссияның отырысы өтті. Жиында қандастарға қатысты қордаланған мәселелер жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан шет елдердегі этникалық қазақтарға оқулықтар мен әдеби кітаптар жіберу, Ақмола облысының Красный Яр, ШҚО Шығыс ауылындағы шетелден көшіп келген қандастарымызға берілген арендалық үйдің бүгінгі жағдайы және Репатриацияны ынталандыру (үй-жаймен, жер телімдерімен, көтерме қаржылармен қамту) мәселелері қозғалды.

Шетелдегі қандастарымызға арналған кітап дайындауда қажетті оқулықтарға әлі де басымдық берілмегені айтылды. Қоғамдық комиссия мүшелері қажетсіз кітап шығару жобасын қысқартып, қандастар тұратын мемлекеттермен келісу арқылы сұранысқа сай кітап шығарылса деген ойларын жеткізді.


Атажұртқа келіп өрісі кеңіген ағайынның осыдан 5-10 жыл бұрын қуанышы еселенген еді. Красный Яр мен Шығыс ауылынан 2-3 бөлмелі үй алып, қоныс тойын тойлаған жұрттың шаттығы ұзаққа созылмады. Шаршы метріне - 88 теңге, орта есеппен бір үйдің айлық арендалық құны 6866 теңге болып бағаланған. Бүгінгі күнде 276 отбасы сапасыз салынған үйлердің арендалық құны үшін мемлекетке 73,4 млн теңге қарыз. Тұрғындар сапасыз салынған үйлер үшін арендалық ақшаны төлеуден бас тартып отыр.

«2019 жылы қараша айында әріптестерімізбен Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылындағы үйлерді көзімізбен көрдік. Күн енді суыта бастаған еді. 10-15 үйді араладық. Үйлердің жалпы жағдайы адам айтқысыз дәрежеге жеткен. Үй қабырғалары өте жұқа, іргетасы жоқ, едендеріне қарақағаз төселген. Төбе жақтаулары өте жұқа салынған. 2009-2010 жылдары «Нұрлы көш» бағдарламасымен салынған үйлердің әрбіріне сол кездегі доллар бағамымен 59 мың доллар қаржы жұмсалған. Осы үйлердің сапасыз салынғанын, қаржының талан-таражыға түскенін айтып, бір топ депутат Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлына депутаттық сауал жібердік. Бұл мәселені шешудің бір жолы - барлық үйді жерімен бірге жекешелендіріп беру қажет», - деді қоғамдық комиссия мен ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы.

Қоғамдық комиссия отырысына Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Жүсіпов қатысып, комиссия мүшелері қойған сұрақтарға жауап берді.

«Қазіргі уақытта 137 тұрғын үйдің 35-і күрделі жөндеуді және 102 ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Көкшетау қаласы әкімдігі шағынауданда салынған тұрғын үйлерді техникалық тексеру үшін қаржы бөледі. Тексеру жүргізуге 2020 жылы барлығы 15,7 млн теңге бөлу жоспарланған. Шілде айына дейін тұрғындарға үйі мен жерінің жаңа құжатын дайындап беру жұмыстары басталды», - дейді Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Айтымұлы.

Қытайдан келген қандасымыз Рахым Айып елге келетін қандастарымыздың басым бөлігі егінші-малшы екенін алға тартты. Осы орайда алдағы уақытта «шаруашылықпен айналысқысы келетін азаматтар үшін мемлекет жер бере ала ма?» деген сұрағын қойды. Ауыл шаруашылығы министрлігінен келген жауапты қызметкер Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында мемлекет иелігінде жер бар екенін, шаруашылықпен айналысқысы келген қандастарға жер берілетінін жеткізді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT