Көкшетауда көпірден секірмек болған әйел «102»-ге хабарласқан

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпірден секіріп, суицид жасамақшы болған әйелді куәгерлер мен тәртіп сақшылары құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қыркүйек күні, сағат 12:36 шамасында Көкшетау қалалық ПБ Жедел басқару орталығының 102 желісіне жергілікті тұрғын – 34 жастағы әйел хабарласқан.

Әйел отбасындағы қиын жағдай оны күйзелткені және ол өзін-өзі өлтіру ниетімен теміржол көпіріне (Көкшетау станциясындағы теміржол үстінен өтетін) бара жатқанын айтқан.

“Ақпарат дереу полицияның барлық патрульдік экипаждарына жолданды. Уақыт ұту үшін Жедел басқару орталығының инспекторлары телефон арқылы әйелдің мұндай әрекетке баруы себебін сұрап, ұзақ сөйлесуге тырысты.

Осы уақытта автопатруль экипажы, взвод командирі, полиция капитаны Олег Герасимов пен БПП инспекторы, полиция лейтенанты Қанат Мағубаев айтылған жерге екі минутта жетті”, - деді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары мен сол маңнан өтіп бара жатқан куәгерлер көпірден секіруге тырысқан әйелді ұстап қалды.

“Қазіргі уақытта полицейлер әйелді құтқаруда белсенділік танытқан ер адам мен қыздың жеке басын анықтап жатыр”, - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар