Көкшетауда қолдан жасалған мотодельтаплан апатқа ұшырап, жасөспірім зардап шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қолдан жасалған мотодельтаплан апатқа ұшырап, жасөспірім зардап шекті. Оқиғаның мәні-жайын полиция тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, келеңсіз жағдай Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр кентінде «Құлагер» атшабары аумағында орын алған.

Анықталғандай, мотодельтапланның 64 жастағы пилоты мен 16 жастағы жасөспірім ұшыа бара жатқанда аппарат кенет құлдилап, электр сымына соғылған.

«Салдарынан екі адам төрт метр биіктен құлады, 64 жастағы ер адам дәрігерлер қараған соң үйіне жіберілсе, жасөспірім Ақмола облыстық балалар ауруханасына «иығы сынды, ішінен соққы алды» деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде, оның жағдайы бірқалыпты. Оқиғаның мәні-жайын полиция тексеріп жатыр», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар