Көкшетауда карантин кезінде дәмханада төбелескендер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында карантиндік талаптарды бұза отырып, дәмханада жаппай төбелес шығарған үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәмханалардың бірінде жаппай төбелес орын алған. Төбелеске қатысқан 2000 және 1999 жылы туған екі көкшетаулық пен СҚО Кішкенекөл ауылының бұрын бірнеше рет сотты болған 37 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді.

«Анықталғандай, ойын-сауық мекемесінде күдіктілер төбелес шығарып, келушілерге дене жарақатын салғаны және мүлікке зақым келтіргені анықталды. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 293 бабының 3 бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар