Көкшетауда із-түссіз жоғалған зейнеткер іздестірілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда із-түссіз жоғалған 67 жастағы зейнеткер Сағымбек Қаппасұлы Мұқанжанов іздестірілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 7 сәуірінде Көкшетау қалалық ПД кезекшілік бөліміне әйел хабарласып, жолдасы 67 жастағы Сағымбек Қаппасұлы Мұқанжановты іздеп табуға көмек сұраған. Әйелдің сөзінше, күйеуі 7 сәуір күні сағат 14:00 үйінен шығып, қайтып оралмаған. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз.

«Тәртіп сақшыларына белгілі болғандай, зейнеткер 2- топтағы мүгедек, ұмытшақ, құлағы дұрыс естімейді. Бұған дейін де 1-2 күнге үйден кетіп қалып, туыстары тапқан», - дейді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, жоғалған ер адамның самайында отадан кейін қалған тыртығы, сол жақ иық тұсында әйел адамның татуировкасы бар. Бойы 170-175 см шамасында, орташа денелі, ақ шашты, қысқа қиылған. Басына тоқылған қара шәпке, үстіне комуфляш күртке, жасыл түсті шалбар, аяғына қара бәтеңке киген.

Іздестіру шараларына Ақмола облысының ПД жеке құрамы тартылды. Тәртіп сақшылары жоғалған Сағымбек Мұқанжановты көрген немесе жүрген жерін білетін адамдар болса, «102» арнайы желіге хабарлауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар