Көкшетауда дүкеншіні соққыға жығып, ақшаны алып кеткен күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда дүкен тонаған екі адамның бірі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 10 қарашада түнгі сағат 22:00 - да Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне қарақшылық шабуыл туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы Абылай хан даңғылындағы азық-түлік дүкенінің сатушысына қарақшылық шабуыл жасағанын анықтады. Дүкенге бейнебақылау камерасы орнатылмаған. Тәртіп сақшылары зардап шегуші мен куәгерлерден сұрастыра келе, күдіктілердің екеу болғанын анықтады. 56 жастағы зардап шегушінің сөзінше, күдіктілердің бірі оны сөзбен алдап тұрғанда, екіншісі ауыр затпен басынан ұрып есінен таңдырған.

Осы кезде күдіктілер кассадағы ақша үптеп, оқиға орнынан ізін суытады.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камерасының көмегімен күдіктілердің бірі Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 192-бабы бойынша (қарақшылық) із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар