Көкшетауда денсаулық сақтау және білім нысандарына жылу беріледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда денсаулық сақтау және білім нысандарына жылу беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, сыртқы ауа температурасының төмендеуіне байланысты Көкшетау қаласы әкімінің 21 қыркүйектегі қаулысына сәйкес «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнына қалаға жылу жіберу туралы тапсырма берілген.

«Осы қаулыға сәйкес қыркүйектің 21-і күні түнгі сағат 24:00 дейін мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, оқу орындарына, емдеу-алдын алу мекемелеріне, балар үйлері-интернатына, мүгедектер үйінен жылу берілсе, қыркүйектің 21-і күні түнгі сағат 24:00 дейін тұрғын үйлер мен мемлекеттік әкімшілік ғимараттарға және өзге де жылу энергиясын тұтынушыларға жылу жіберіледі» дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар