Көкшетауда дауыл үйдің шатырын жұлып әкетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Дүлей дауыл Көкшетауда тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоның авторының сөзінше, қатты жел Әуелбеков көшесі 166 үйдің шатырын жұлып құлатқанын байқауға болады.

«Сағат 17:00 жағдай бойынша, жел қаланың бірқатар аудандарында тұрғын үйлердің шатырын жұлып әкетіп, аялдамаларды құлатқан. Осыған байланысты, өздеріңіздің қауіпсіздіктеріңіз үшін үйден шықпауларыңызды сұраймыз», - делінген қала әкімдігінің инстаграмдағы парақшасында .

Сонымен қатар, желдің салдарынан қаланың кейбір аудандарында электр жарығы өшіп қалған. Дауылдан зардап шеккендер жоқ.



Соңғы жаңалықтар