+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Көкшетауда бірқатар азық-түлік төмендетілген бағамен сатылып жатыр

2019 жылғы 5 желтоқсан 15:47
Бөлісіңіз:
Көкшетауда бірқатар азық-түлік төмендетілген бағамен сатылып жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында азық-түлік өнімдері тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағамен сатылуда, деп хабарлауда ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда тұрақтандыру қоры азық-түлік пен көкөністі арзан бағада сатып жатыр Қостанай облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры құрылды Үкімет басшысының орынбасары Қостанайда дүкен аралап, бағалармен танысты

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік маңызы зор азық-түлік өнімдерінің негізсіз өсуіне жол бермес үшін облыстық тұрақтандыру қорынан «Қамқор» коммуналдық павильонына бірқатар азық-түлік түрі жеткізілуде.

«Бұл - күнбағыс майы, күріш және қарақұмық. Қазіргі кезде қарақұмықтың 1 келісінің бағасы - 267 теңге, күріштің 1 келісі - 280 теңге, күнбағыс майының 1 литрі - 380 теңге. Алдағы уақытта өнім түрлерін арттыру жоспарда бар», - дейді ведомстводан.

Осы ретте, облыс тұрғындарын нан бағасы, оның ішінде әлеуметтік нан бағасы толғандырады. Нан және ұн өнімдері бағасының өсуіне жол бермес үшін құзыретті мемлекеттік органдар жергілікті тауарөндірушілер, кәсіпорын басшылары және коммерциялық ұйымдармен кездесу өткізіп тұрады.

«Бүгінгі күні 1-сортты ұннан пісірілген әлеуметтік нанның орташа бағасы - 70-80 теңге. Мәселен, «Ақсай-Нан» ЖШС бір бөлке нанды 70 теңгеден облыс орталығындағы «Орталық базар», «Жібек Жолы» базарлары, мобильді дүңгіршектер, «Қамқор» коммуналды павильоны, Краснояр кентіндегі дүкендер сияқты бірқатар сауда орындарына сатуда», - деп толықтырды Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасындағылар.

Сонымен қатар, «Көкшетау нан зауыты» бір бөлке нанды 80 теңгеден сатуда.

Айта кетейік, Көкшетау қаласының бірқатар сауда орындарында қарашаның 16-нан бастап нанның әр бөлкесі 75 теңгеден сатылып жатыр. Нанның бағасын өсірмеу мақсатында «Гормолзавод» ЖШС мен «Ақсай-Нан» ЖШС арасында келісім жасалды. Осы келісімге сәйкес «Ақсай-Нан» ЖШС пісірген салмағы 550 грамм нан «Гормолзавод» ЖШС сауда нүктелерінде 70 теңгеден сатылады.

Еске сала кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде Көкшетауда нан бағасының жоғары екенін сынға алған болатын. Мұнда ұн бағасы шамамен 47 пайызға артқан. Осы ретте, Президент азық-түлік бағасының өсуі халықтың табысын арттыру шараларын жоққа шығаратынын ескерткен еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT