Валюта бағамдары:
    usd/kzt 431.07 eur/kzt 485.51

    rub/kzt 5.69 cny/kzt 67.47
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: -10 °С
Алматы: -5 °С

Көкшетауда бес күнге созылған халықаралық театр фестивалі мәресіне жетті

2021 жылғы 10 қазан 19:18

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 4-8 қазан аралығында өткен үшінші халықаралық «ТеART-Көкше» фестивалінде Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген 11 шығармашылық ұжым түрлі жанрдағы қызықты қойылымдарын көрсетті.

Фестивальді Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық орыс драма театры ГИТИС Ресей театр өнері институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан атап өткендей, театр спектакльдері облыс орталығының бірнеше алаңында өтті.

әлемге әйгілі театртанушылар мен сыншылар бағалады.

«Біз алғаш рет қазылар алқасына өте танымал театр мамандарын шақырдық. Олардың қатарында әр түрлі елдердің сыншылары бар. Өйткені олар режиссура мен актерлік жұмысты бөлек бағаламайды. Жалпы, театрлар шынайы бағасын алғанына сенімдіміз», - деп атап өтті Ақмола облыстық орыс драма театрының басшысы Б. Бақтыгереев.

Фестивальдің жабылуына қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова театр ұжымдарынан қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Әкім орынбасарының айтуынша, фестивальдің бес күнінде ұсынылған қойылымдарға 1000-нан астам көрермен қатысқан.

Фестиваль қорытындысы сай үздіктер бес аталым бойынша марапатталды.

Автор:

Аслан Оспанов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар