Көкшетауда аутизмге шалдыққан балалардың көрмесі өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпаратты тарату күніне орай «Радуга» ойын-сауық шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шараның бағдарламасында балалар туындыларының көрмесі, «Әке, анам, мен ...» байқауы, аниматорлармен қимыл-қозғалыс ойындары, «Біз жеңеміз!» слайд шоуы, сабын көпіршіктері ойындары өткізілді. №1 Облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты басшылығының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда мектепте 250-ге жуық бала оқыса, оның отызға жуығы аутизм дертіне шалдыққандар. Мұндағы оқытушылар дефектолог мамандар, олар балалармен жұмыс жасауда үнемі түрлі әдістерді қолдануға тырысады.

Айта кету керек, бастамашыл топтың қатысушылары аутизм белгісі бар балалардың отбасыларын қоғамдық орындарда кездестірген жағдайда өз-өзін қалай ұстау керектігін халыққа хабардар ету үшін парақшалар, ақпарат постерлерін басып шығарып, сауда орталықтарында, емханаларда, балалар сауықтыру орталықтарында іліп қойған.
null null

Шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, «Мирас» қоғамдық қорының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары мен «Думан» педагогикалық отрядының өкілдері қатысып, балаларға сыйлықтар үйлестірді.

«Бүкіл дүниежүзін толғандырып отырған аутизм мәселесін бірлесіп шешкен жөн. Біз өз тарапымыздан бұл мәселелерді кешенді түрде шешіп, мұндай балалардың ата-аналарына барынша көмек беруге тырысамыз», - дейді «Мирас» қоғамдық қорының басшысы Ирина Костицына

Сонымен қатар, өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың төрағалығымен аутизмнен зардап шегетін балаларға кешенді көмек көрсету бойынша арнайы жұмыс тобының отырысы өткізіледі деп жоспарланған.

null null

Соңғы жаңалықтар