Көкшетауда атыс болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда атыс болды, полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

«Пушкин көшесінің Абай және Әуелбеков көшелері аралығы, яғни The Beze, «Мясорубка» дәмханасы тұсы қоршалған. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, атыс болған», - делінген жазбада.

Осы оқиға бойынша ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінен сұрап білді.

«Қазіргі кезде, оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, мән-жай анықталуда», - деп жауап берді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына департаменттен.


Соңғы жаңалықтар