Көкшетауда алкогольдік өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда бір жылдан астам уақыт бойы алкоголь өнімдерін шығарып келген жасырын цех анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 16 мамырда Ақмола облысының ПД Жедел криминалды полиция басқармасының қызметкерлеріне Көкшетау қаласындағы Хасенов базары аумағында ер адамның алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысатыны туралы жасырын ақпарат түсті.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында мамырдың 17-де сағат 09:00-де Көкшетау қаласының «Боровской» шағынауданы Хасенов базары аумағындағы гараждардың бірінің жер төлесінде алкогольдік өнімдерді құюмен айналысып жүрген Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, жасырын цехтан 600 литр сұйықтық, 300 литр арақ және 300 литр таза спирт тәркіленді. Ер адам бұл іспен бір жылдан астам уақыт айналысып келген. Іс материалдары Көкшетау қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.


Соңғы жаңалықтар