12:11, 19 Қазан 2019 | GMT +6
Көкшетауда алғашқы қар қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласына алғашқы қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түнде басталған қар толассыз жауып, қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады. Осының салдарынан тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы біршама қиындады. Қаланың орталық көшелерінде көлік кептелістері орын алуда.
Синоптиктер өңірде алдағы күндері күн суытатын болжауда.
Қазіргі кезде Көкшетауда ауа температурасы минус 2 градусты көрсетіп тұр.