+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Көкшетауда Абайға арналған әдеби орталық ашылды

2020 жылғы 27 қаңтар 02:15
Бөлісіңіз:
Көкшетауда Абайға арналған әдеби орталық ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай әдеби орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарлық оқушылар Абай өлеңдерін 9 тілде жатқа оқыды Ресейдің Есіл қаласында Абай атындағы қазақ тілі сыныбы ашылады Шығыс Қазақстан облысында Абай атында 105 көше бар

Әдеби орталық Көкшетау қалалық кітапханасынан орын теуіп отыр. Бұл шығармашылық идеяның жүзеге асуына Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдау білдірген.

Бөлім басшысы Айгүл Сәбитованың айтуынша, әдеби орталық жастардың Абайдың шығармашылығын зерттеп, насихаттауына септігін тигізбек.

Шара Абайдың «Мен бір жұмбақ адаммын» өлеңімен басталды. Оны ақын Мұхамед Қонқаев мәнерлеп оқып берді.


«Орталықтағы кітап көрмесі 3 бөлімінен тұрады. Бірінші бөлім «Абайдың дүниетанымы» деп аталады. Онда Абайдың балалық шағындағы әдеби кітаптар мен ұлы ғалымдардың ұлы сөздерін оқуға болады.

Ал екінші бөлімі «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деп аталады. Яғни, Абайдың шығармалары мен шешендік сөздеріне арналған.

Үшінші - «Абай мұрасы мәңгілік» бөлімінде абайтанушылар мен зерттеушілердің ақын туралы жазған шығармаларымен және еңбектерімен танысуға болады», - дейді Айгүл Сәбитова.


Орталықтың ашылуына жергілікті зиялы қауым және қоғам қайраткерлері, Көкшетаудағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен абайтанушылар қатысты.

Шара жас ақындардың Абай шығармаларын мәнерлеп оқуымен аяқталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT