Көкшетауда 85 отбасына пәтер кілттері тапсырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Көкшетауда 85 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абылай хан алаңында өткен қуаныш иелеріне жаңа пәтердің кілтін тапсыру рәсіміне аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, жиналған қауымды алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Облыс әкімі өтіп бара жатқан жыл аймақ үшін табысты аяқталғанын атап өтті.

«Дәстүр бойынша, жыл тоғысында біз тарих беттерінде қалатын өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге перспективалық жоспарлар белгілейміз. Өтіп бара жатқан жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері біршама жақсарды, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықтың баспана мәселесін шешу қажеттігіне ұдайы назар аударып келеді. Осы бағытта қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар облыс аумағында байыптылықпен жүзеге асырылып, көптеген тұрғындар пәтерлі болып, қуанышқа кенелуде. Оған «Нұрлы жол», «Қолжетімді баспана – 2020», «Өңірлерді дамыту-2020» тәрізді бағдарламалар аясында бүгінгі жаңа пәтерлердің баспанаға мұқтаж жандарға берілуі айқын дәлел. Соңғы үш жылдың ішінде облыс бойынша барлығы 131 тұрғын үй немесе 131 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биылғы жылдың басынан бері Көкшетау қаласында ғана 350 пәтер иесін тапты. Бүгін міне, бұған қоса тағы 85 пәтерді беріп отырмыз. Келесі жылдағы айтулы оқиғалардың бірі – Көкшетауда өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы болмақ. Бұл шара облысымыздың келешекте одан әрі кемелденіп, дами түсуіне жол ашады».

Салтанатты шарада аймақ басшысы Сарыарқа шағын ауданында салынған жаңа екі тұрғын үйдегі 85 пәтердің кілті мен жаңажылдық сыйлықтарды тұрғын үй салымшыларына тапсырды.

Сонымен қатар, шарада бірқатар аудандық және қалалық полиция бөлімдеріне су жаңа бес «УАЗ» көлігі, Бурабай ауданындағы «Бурабай мейрім» қоғамдық бірлестігіне мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Инватакси» көлігі тапсырылды.






Соңғы жаңалықтар