Көкшетауда 33 жастағы әйел жігітіне қызғаныштан пышақ салды

None
None
КӨКШЕТАУ. Қазақпарат - Көкшетау тұрғынына пышақ сұққан 33 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 16 қыркүйекте Көкшетау қалалық полициясының кезекші бөліміне қалалық аурухананың медбикесі хабарласып, 36 жастағы жергілікті тұрғынның «іш тұсынан тілік жарақаты» диагнозымен түскенін айтқан.

«Осыған байланысты тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша («Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», - дейді ведомстводан.

Жедел-іздестіру нәтижесінде тәртіп сақшылары зардап шеккен ер адамға 33 жастағы өзінің таныс әйелі пышақ салғанын анықтады. Олардың кездесіп жүргеніне он айға жуықтағаны да белгілі болды.

Анықталғанындай, арақ ішіп отырған олардың арасында жанжал шығып, қызғаныштан әйел ер адамға пышақ сұғып алған.

«Күдікті ұсталып, қылмысын мойындады. Қазіргі кезде оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар