Көкшетауда 3 мыңнан астам тұрғын жеке клиникаға тіркелді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында Көкшетау қаласында 3654 адам емханаға тіркелсе, оның 3232-і - жеке клиника «Оңалту-Авиценна» медициналық мекемесін таңдап отыр. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын» коммерциялық акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры Әлия Жүсіпова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тіркеу науқаны барысында Ақмола облысы бойынша 787 988 адам тіркелді.

«Биылғы науқанға алғаш рет Көкшетау қаласындағы «Оңалту-Авиценна» медициналық мекемесі қатысты. Жалпы, келер жылы Ақмола облысы бойынша 25 медициналық ұйым бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін болады. Биыл бұл көрсеткіш 24 медицина ұйымын құрап отыр», - дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақмола облыстық филиалының директоры Әлия Жүсіпова.

Айта кету керек, науқан кезінде бастапқы медициналық – санитарлық көмек алу үшін медициналық ұйымдарға тікрелген азаматтар 2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, көмек ала бастайды. Әзірге, жыл соңына дейін бұрын тіркелген орындары бойынша қызмет көрсетіледі.

«Біздің емхана үшін бұл - жаңа тәжірибе. Әзірге бізде екі бөлімше бар. Онда науқастарға кепілдендірілген көлем және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсетіледі. Келешекте терапевтік бөлімшелердің санын арттыру жоспарда бар», - дейді «Оңалту-Авиценна» медицина мекемесі оңалту орталығының меңгерушісі Әлихан Евлоев.


Соңғы жаңалықтар