Көкшетауда 2 адам иіс тиіп, ауруханаға түсті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 85 жастағы кейуана мен 56 жастағы ер адам иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, оқиға туралы ТЖД қызметкерлеріне қалалық аурухананың дәрігерлері хабарлаған.

«Белгілі болғандай, 1963 ер адам әпкесімен бірге 1934 жылғы анасының үйіне қонаққа келген. Таңертең әпкесі пеш жаққан. Базардан оралған ол үйде, ағасы мен анасының ұйықтап жатқанын көріп, бірден жедел жәрдем шақырады. Қазіргі уақытта 1934 жылғы кейуананың жағдайы ауыр», - деп түсіндірді Көкшетау қаласы ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Максим Шатковский.

Соңғы жаңалықтар