Көкшетау: УАЗ «Болашақ сарайының» жанындағы субұрқаққа кіріп кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Болашақ сарайы» ғимаратын дезинфекциялауға келген жүргізуші субұрқақты қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Полиция Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының жүргізушісі әкімшілік ғимаратта дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін «УАЗ» маркалы автокөлігімен абайсызда аумаққа іргелес жатқан субұрқаққа кіріп, оны зақымдағанын анықтады», - деді ведомстводан.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігі «Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Соңғы жаңалықтар