Көкшетау тұрғыны өңірде бірінші болып шетелден әкелінген көлігін тіркеді

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының 68 жастағы тұрғыны Қанат Жұмабаев Армениядан әкелінген автокөлігін ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау тұрғыны «Toyota Camry» автокөлігін өткен жылы әкелген. Осы жылдың басында Еуразиялық экономикалық одақ елдері аумағынан әкелінген көліктерді тіркеу міндетті жариялаған болатын. Сол кезде өзге көлік жүргізушілері сияқты Қанатты да көлігін ресми түрде тіркеу үшін ірі көлемде қаржы жұмсалатындығы толғандырды.

«Мен Үкіметтің соңғы шешіміне қатты қуандым. Және де көлігімді ресми тіркеген күні мамандандырылған ХҚКО барып, мемлекеттік нөмірімді алдым. Әрине, автокөлік иелерінің өтініштеріне құлақ асып, тіркеу талаптарын жеңілдеткені үшін ризашылығымды білдіремін», - дейді көлік иесі Қанат Жұмабаев.

Сонымен қатар, Айман Қалмағанбетова есімді тұрғын да «Hyunday» автокөлігін тіркеп, мемлекеттік нөмірін алды.

Айта кетейік, мамырдың 20-да ҚР Үкіметі 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу туралы шешім қабылдады. Тіркеу 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 473 теңге және мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін – 7 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы - 11 946 теңге.


Соңғы жаңалықтар