+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Көкшетау тұрғыны банкоматта біреудің 500 мың теңгесін иемденіп кеткен

2020 жылғы 30 қазан 10:38
Бөлісіңіз:
Көкшетау тұрғыны банкоматта біреудің 500 мың теңгесін иемденіп кеткен

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ер адам банкоматта өзге біреудің қалдырып кеткен жарты миллион теңгесін иемденіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
1 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі Оралда ер адам биіктен құлап, мерт болды Ақмола облысының 70 жастағы тұрғыны ұлын тауып берген полицейлерге алғыс білдірді

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 27 қазанда Көкшетау қаласында орын алды. 39 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреудің 540 000 теңге ақшасын банкоматтан шешіп алып кеткенін айтқан.

«Анықталғандай, зардап шегуші банкомат арқылы ақша аудармақшы болған. Ол алдымен ақшаны ұяшыққа салып, кейін операцияны толық аяқтаусыз қалдырады. Осы кезде одан кейінгі клиент ол ақшаны алып, банктің қауіпсіздік қызметіне айтпай кетіп қалады», -дейді ведомстводан.

Тәртіп сақшылары ер адамды анықтады. Ол Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде оған процессуалдық шешім қабылдау мәселесі қаралып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT