Көкшетау маңындағы жол апаты 2 адамның өмірін қиып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласының маңында жол апаты орын алып, 2 адам көз жұмды, тағы 2 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД мәліметінше, жол апаты 2020 жылғы қыркүйектің 30-да сағат 16:44 шамасында «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолының Көкшетау қаласынан жетінші шақырым тұсында орын алған.
«Анықталғандай, Петропавл қаласына бағыт алған «ВАЗ-2106» жеңіл көлігінің жүргізушісі жолдың шетінде тұрған «Foton» көлігіне соғылған. Соңғысының жүргізушісі көліктің дөңгелегін ауыстырып жатқан. Жол апатынан жеңіл көліктің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал, жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді», - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.


Соңғы жаңалықтар