Көкшетау маңында тұтанған дала өрті бір тәуліктен соң сөндірілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаудың маңында тұтанған дала өрті бір тәуліктен соң сөндірілді. Өрттің трактордың ақауынан шыққаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖд баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 100-ден астам өрт сөндіруші ағымдағы жылғы шілденің 7-8 күндері Көкшетау маңында тұтанған дала өртімен күресті.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында тілсіз жауды ауыздықтауға және өрттің жақын маңдағы елді мекенге таралуына жол бермеуге мүмкіндік туды. Өрттің шығуына Зеренді ауданы тұрғынының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандығы себеп болған. Тұрғын тракторға орнатылған дискілі шалғымен шөп шабу кезінде ұшқын шығып, от тұтанған», - дейді ведомстводан.

Құрғақ шөптің жануы салдарынан 44 гектар далалы аумақты және «Бұқпа» орман шаруашылығы мекемесі, №103 кварталдағы, 41 гектар телімдегі Шағалалы орманшылығының аумағын өр шарпыды.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ, азаматтық қорғау академиясының курсанттары, Бұқпа орман шаруашылығының жұмысшылары, жергілікті атқарушы органдар қатысты. Өрт бір тәулік өткен соң сөндірілді», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар