Көкшетау-Қостанай бағытындағы күре жолда көлік қозғалысы тоқтатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысы аумағында ауа райының күрт жылынуынан күре жолдарда көктайғақ пайда болды. Мұз құрсауының алдын алуға арнайы техникалар жұмысқа қосылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық автомобиль жолдары диспетчерлік қызметінің деректеріне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде Көкшетау-Қостанай бағытындағы жол үстінде көктайғақ болуы салдарынан көлік қозғалысы тоқтатылған. Астана-Қарағанды бағытында да жағдай осындай күйде. Арнайы 22 техника Астана-Бурабай автобанында жолдарға құм шашу, мұздан тазалау жұмыстарын қолға алған. Әзірше  жол- көлік апаты тіркелмеген. Табиғаттың тосын жағдайына орай жол полицейлерінен жедел топтар жасақталып, тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде. Медициналық көмек, төтенше жағдайлар департаментінің құтқару топтары қандай да болмасын тосын оқиғаға сақадай  сай әзірлікте.

Соңғы жаңалықтар