Көкшетау – көк қарағай мекені: Ақмолада экологиялық акция ұйымдастырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесі ұйымдастырған акция барысында Көкшетау қалалық №4 орта мектептің алдына 30 түп қарағай отырғызылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырып өткізілген игілікті шара барысында орман шаруашылығы саласының ардагері Шабдан Тоқмурзин, облыстық «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова қатысты.

«Акцияны жыл бойы өткізу дәстүрі қалыптасып, оны қала тұрғындары, шағын және ірі кәсіпорындардың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қолдайды деп үміттенеміз. Биыл отырғызған 30 қарағай көшетінің саны келесі жылы үш жүзге жетуге жазсын. Мұндай іс-шара қоғамымызда экологиялық мәдениетті көтеруге ықпал етеді»,- деп атап өтті Марал Жақыпова.

Сонымен қатар, ол осынау акцияға қолдау көрсеткен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Көкшетау қалалық әкімдігіне алғысын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар