+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Көкшетау «Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» атанды

2021 жылғы 19 мамыр 01:11
Бөлісіңіз:
Көкшетау «Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2021» фестивалінің салтанатты ашылуы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары Мәлгәждар Тәткеев пен Айна Мысырәлімова, отандық және халықаралық сарапшылар, мәдениет саласының және театр қайраткерлері қатысты.

Осы ретте, Ақтоты Райымқұлова фестивальдің ұйымдастыру комитетінің шешімімен Көкшетау тұңғыш рет «Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» деп жарияланған атап өтті. Бұл өз кезегінде мәдени астана мәртебесі берілген өңірдің мәдениет және өнер саласындағы қол жеткізген жетістіктері мен озық тәжірибесін іс жүзінде өзге өңірлермен бөлісуге мүмкіндік береді.

«Рухани қазына» фестивалі, бұл – өнер мен мәдениет мерекесі. Сіз бен бізге ортақ қуаныш. Осыған дейін әр өңірде басталған байқау бірнеше кезеңнен өтіп, қорытынды межеге жақындады. Ең басты мақсат – үздік қызметкерлер мен ұйымдарды анықтап қою ғана емес, олардың өзара тәжірибе алмасып, жаңа сапаға көтерілу үшін бірлесе қызмет етуіне мүмкіндік сыйлау. Олай болса, Фестиваль өз мақсатын орындап, бәріміз үшін нәтижелі болады деген сенім білдіремін!», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Шара барысында Ақмола облысының 10 мәдениет қызметкеріне Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай «Мәдениет саласының үздігі», «Құрмет грамотасы», «Алғыс хат» тапсырылды.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігі арасында аталмыш жылды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, мәдени, концерттік, музей және кітапхана салаларында бірқатар мәдени шаралар өткізілуде.

«Рухани қазына – 2021» фестивалі Ақмола облысында үш күнге дейін жалғасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT