«Көкшетау – Атбасар» тасжолында көлік апаты болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Көкшетау – Атбасар» тас жолында жол апаты орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 ақпанда «Көкшетау – Атбасар» тас жолында «Toyota Camry» және «Ваз-21015» көліктерінің соқтығысуынан жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

Айта кетейік, аталмыш жол апаты туралы фото және бейнежазба әлеуметтік желіде тарап жатыр. Құтқарушылар көліктің ішіндегі адамның денесі босату бойынша құтқару жұмыстарын жүргізуде. Әзірге, жол апатынан мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы нақтылы мәлімет жоқ.


Соңғы жаңалықтар