Көкшелік ақын-жазушылардың аудиокітаптары жинағының таныстырылымы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласындағы М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында көкшелік ақын-жазушылардың аудиокітаптары жинағының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Игі сі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының және «El Jastar» театрының қолдауымен «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесінің бастамасымен жүзеге асырылды. Шараға ғылыми интеллигенция, білім және мәдениет өкілдері, сондай-ақ, кітапхана оқырмандары мен студенттер қатысты.

Аудиокітаптар жинағына өңірге танымал ақын-жазушылар - С.Жүнісовтің «Ақан сері», І.Есенберлиннің «Қағар», Е.Мырзахметовтың «Медет», Е.Асқаровтың «Ата қаз», Ш.Уәлихановтың «Өлі мен тірінің достығы», М.Ғабдуллиннің эпистолярлық әлемі, Ж.Ерғалиевтің «Ескі арба», С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» және Т.Қажыбайдың «Айбозым» тәрізді тоғыз шығармалары енді.

Аудиокітаптар «жанды дауыспен» оқу арқылы, атап айтқанда «Zhakondra Films» студиясында «El Jastar» театрының актерлері тарапынан жазылды.

Бұл жобаның мақсаты қазақстандықтардың жаңа буынын патриоттық тәрбиелеу, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыру және халық арасында оқуды танымал ету болып табылады.

«Рухани жаңғыру» аймақтық жобалау кеңсесінің басшысы Қайрат Сейітқазин өз сөзінде аудиокітаптың жазылуына бір ай уақыт кеткенін айтты.

Шығармалар толық енбеген, тек қана үзінділері жаңа аудиоспекталь форматында кәсіби өңделген. Бұл аудиокітаптарды «Smart Ruhani» веб-сайтында немесе «Рухани жаңғыру Ақмола облысы» телеграмм-арнасында тегін тыңдауға және көшіріп алуға болады.

Сондай-ақ, Қайрат Сейітқазин 2020 жылы республикалық ақындар мен жазушылардың шығармаларын жазу жоспарланып отырғанын атап өтті.




Соңғы жаңалықтар