Көксарайда суға батқан адамның мүрдесі 2 тәуліктен кейін табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Көксарай су қоймасына батып кеткен ер адамның мүрдесі екі тәуліктен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Түркістан облысының Арыс қаласынан 2020 жылдың 18 қазанында сағат 18-30-да суға батқан адамды іздеуге көмек сұраған хабарлама келіп түскен.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Байырқұм ауылдық округінде Аққала ауылынан 20 шақырым жерде Көксарай каналында балық аулау кезінде Шымкент қаласының Қаратау ауданы Қайнар бұлағы шағын ауданның тұрғыны, 1982 жылы туған ер адам жабдықталмаған жерде шомылған. 3 досымен бірге балық аулау кезінде алкогольді ішімдік ішкеннен кейін ол суға шомыламын деп, суға батып кеткен», - деді ол.

Құрамында 6 құтқарушы-сүңгуір, 1 техника және 1 қайық бар Шымкент қалалық ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы 19 қазанда сағат 07.00-де іздестіру жұмыстарын бастады. Көксарай арнасының - ені 100 м, тереңдігі 3 м, су температурасы + 8 с. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде 19 қазанда сағат 09.04-те сүңгуір Абай Олжас ер адамның мүрдесін тауып алып, судан шығарған.

Оқиға орнына Түркістан облысы Арыс қаласының ТЖ бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де жұмылдырылды.



Соңғы жаңалықтар