Көкөністің бағасы бір айда 5,7 пайызға арзандады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамыр айында орамжапырақ, қызанақ және қияр арзандай түсті, бағалар бір айда 5,7 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір айда ақбас орамжапырақ (34,6 пайызға, бір келісі үшін 80,8 теңгеге дейін), қызанақ ( 14,6 пайызға, бір келісі үшін 607,3 теңгеге дейін), және қияр (12,9 пайызға, бір келісі үшін 467,5 теңгеге дейін) арзандады. Бұдан басқа, коронавирустың өршіген кезде алыпсатарлар бағасын шарықтатып жіберген лимон 0,6 пайызға, бір келісі 1129,9 теңгеге дейін түскен.

Мамыр ойының қорытындысы бойынша, көкөніс мен жемістің тұтынушы бағасының өсімі бір айда 1,5 пайыз, бір жылда - 10,1 пайызды құраған.

Картоп айтарлықтай қымбаттаған – бір айда 7,9 пайызға, бір жылда – бірден 45,8 пайызға қымбаттады. Жемістердің бағасы бір айда 6,1 пайызға, ал бір жылда 26,4 пайызға көтерілді.

Қазақстан өңірлерінің арасында көкөніс мен жеміс бағасының ең үлкен өсімі Шымкент қаласында байқалды (4,6 пайыз), одан кейін тізімде Маңғыстау облысы (+4%) және Атырау облысы (+3,7%) тұр.

Еліміздің төрт өңірінде көкөніс-жеміс бағалары арзандай түсті: Қарағанды облысында (−3,4%), Нұр-Сұлтанда (−0,6%), Павлодар облысында (−0,2%) және Батыс Қазақстан облысында (−0,1%).

Бір жылдағы бағалар өсімі де Шымкентте тіркелген (+23,9%), одан кейін Ақтөбе облысы (+16,1%) және Маңғыстау облысы (+15,1%) тұр.

Мамырда көкөніс мен жемістің ішінде ең қымбаттағаны: пияз бағасы (13,3 пайызға, бір келісі үшін 117,3 теңгеге дейін) және сәбіз (11,8 пайызға, бір келісі үшін 128,8 теңгеге дейін), сондай-ақ алма бағасы айтарлықтай көтерілген (8,9 пайыз, бір келісі үшін 516,5 теңгеге дейін).


Соңғы жаңалықтар