+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Қоқиқаздар Каспий теңізінде наурызға дейін тұрақтайды

2020 жылғы 17 ақпан 20:05
Бөлісіңіз:
Қоқиқаздар Каспий теңізінде наурызға дейін тұрақтайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қоқиқаздың солтүстіктегі тұрақтайтын ең соңғы нүктесі - Қазақстан. Каспий теңізі маңындағы Қаракөлге ұшып келген бір топ қоқиқаз наурызға дейін осында қонақтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әуежай қызметкері Қызыл кітапқа енген құстарды ұшақпен шетелге жөнелткен Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келді Семейде жертөледен табылған сілеусіннің неден өлгені белгілі болды

Суы жылы әрі тайыз болғандықтан қоқиқаздан бөлек, қаз, үйрек, аққу да көктем-күзде осында ұшып келеді. Жылдың әр маусымында 60-қа дейін қанаттылар келсе, оның 20-дан астамы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Маңғыстау символдарының бірі саналатын қоқиқаздың әлем бойынша 8 түрі тараған. Соның 2 түрі Қазақстанда мекен етеді. Соңғы санақ бойынша, елімізде 15-18 мыңдай қоқиқаз ұя салады екен. Антарктидадан басқа барлық құрлықта мекендейді. Әсіресе, өзен сағаларында, суы тұзды, қышқыл көлдерде тұрақтайды.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Тұрғанбай Шапағатовтың айтуынша, Қаракөлде наурызға дейін тұрақтап, демалады. Бірақ жұмыртқаламайды.

«Қаракөл - Қызыл кітапқа енгізілген қанаттылар тұрақтайтын мекен. Сондықтан да бұл аумақ табиғат қорғау инспекторларының жіті бақылауында. Қорықтың аумағына кіреді. Қоқиқаздар Қаракөлден басқа Түпқараған ауданы төңірегіндегі Сартас, Қаражанбас жері мен Түлен аралдарында болады. Өмір сүруге қайсысы қолайлы болса, соған ауысып отырады. Көріп отырғаныңыздай, ақпан айынан бастап келді. Көктемге дейін осында болады. Олар мұнда жұмыртқаламайды. Тек уақытша демалады. Қаракөл көлінде жыл сайын көруге болады»,-дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Тұрғанбай Шапағатов.


Қоқиқаздар осы жерде тынығып, демалып болғаннан кейін Маңғыстаудан да ыстық Түрікменстан, Иран жаққа қарай немесе Қорғалжынға ұшып кетеді. Қаракөлде биыл қыста екі мың аққу, төрт мыңға жуық үйрек тектес құстар мекен еткен.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Каспий теңізіне бір топ қоқиқаз ұшып келгенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT