Көк тіреген күмбезді қойма - Ұлттық архив

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткені жоқ ел, тарихы жоқ халық болмайды. Тарих қойнауына тереңдеп енген әрбір ғасырдың, әрбір кезеңнің өзіндік маңызы мен ерекшеліктері, айқындалатын айтулы оқиғалары, жылнамалары бар. Бұл ретте Ұлттық архивтің тарихи мәні мен маңызы ерекше екенін айтпаса да түсінікті.

Архив ата-бабаларымыздың тарихын ғана емес, олардың арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын, парасаты мен үлгі өнеге-өсиеттерін сақтап отыратын киелі орын. Осы орайда Ұлттық архив халықтың құжаттық жадын бір талдап жинап, өскелең ұрпақ үшін сақтайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен 2002 жылы 12 желтоқсандағы № 01- 8.15 тарихи хаттамалық шешімімен Ұлттық архив ғимараты 2003 жылы Астана қаласында салынатын мемлекеттік нысандар тізбесіне енгізілді. 2006 жылдың 14 желтоқсанында салтанатты түрде ашылды.  

Бұл қазіргі заман талабына сай көркем де әсем ғимарат. Оның тоғыз қабатты, көк тіреген күмбезді қоймасы шығыстық стильдегі шексіздік пен тұрақтылықты бейнелейді. Ал әкімшілік бөлігінің еуропалық стильдегі келбеті Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығын толықтырып тұрғандай.Жалпы аумағы 12725, 8 шаршы метрді құрайды, соның ішінде архив қоймалары - 3260, 06 шаршы метр.

Ұлттық архив директорының орынбасары Тұрсынгүл Құсайынованың сөзіне қарағанда, бүгінде бұл нысан қоғамның материалдық және рухани өмірін бейнелейтін, Қазақстан халқы мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын - тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени маңызы бар архивтік құжаттар қорына айналды.
null

Оның басты мақсаты - рухани және білімді ортаны дамыту, елдің мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану.

«Басты мақсатты орындауда Ұлттық архив қорын құжаттармен толықтырып, сақталуын қамтамасыз ету және құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу атқарылып келеді. ҚР Ұлттық архиві қызметіндегі ең бірінші бағдары - әртүрлі жеткізгіштерде бастапқы капиталында мемлекеттік меншік үлесі бар орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардан құжаттарды іріктеу және сақтауға қабылдау болып табылады», - деді Тұрсынгүл Құсайынова.

«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының мәліметіне қарағанда, аталған нысанның ең үздік нобай-идеясына республикалық байқау өткізілген. Отандық сәулетші Нұрмұхан Тоқаевтың сәулеттік идеясы бойынша Түрік фирмасының өкілдері жұмыс жобасын әзірлеп, ҚР Ұлттық мұрағатының ғимаратын тұрғызған. Ғимарат халықаралық стандарттар мен талаптарға сай келетін жоғары технологиялық мұрағаттық жабдықпен қамтамасыз етілді. Шексіздік пен тұрақтылықтың символы болып табылатын күмбез тәріздес қойманың шығыс нақыштағы стилі мен әкімшілік корпустың еуропалық стилі үлескен заманауи ғимарат.
null

Атап айтқанда, 2007 жылдан бүгінгі күнге дейін Ұлттық архив қорына 337506 мыңнан астам сақтау бiрлiктерi қабылданды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында мемлекеттік сақтауға жақын және алыс шетел мемлекеттерінен Қазақстан тарихына қатысты түпнұсқа ретінде саналатын құжаттар көшірмелері алынды. Олардың арасында Ресей, Армения, Өзбекстан, Польша, Мысыр, АҚШ, Түркия, Қытай, Венгрия, Франция, Испания бар.
null

Азаматтардың заңды құқығын қамтамасыз ету мақсатында соңғы жылдары республиканың азаматтарына, соның ішінде шетел азаматтарына мұрағаттық құжаттар негізінде әлеуметтік-құқықтық сипатта мұрағаттық анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіліп келеді. Құжаттардың мәңгі сақталуы мен пайдалануын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві азаматтық қоғамның нығаюына, қазақстандықтарды азаматтық, отаншылдық, толеранттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізеді. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар