Қоғамдық бірлестіктер «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын қолдады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астана қаласында ҚР Ұлттық банкі өкілдерінің, депутаттардың, қоғамдық бірлестіктердің, коллекторлық ұйымдардың, Қаржыгерлер қауымдастығының және екінші деңгейдегі банктердің басшыларының қатысуымен «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл талқылау барысында заң жобасының кейбір нормалары бойынша дөңгелек үстел қатысушыларының пікірлері тыңдалды.

Қазақстанның қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасын қолдап сөз сөйледі, оның нормалары коллекторлық қызметтер нарығын реттеуге бағытталғанын атап өтті. «Бұл заң жобасы шын мәнінде қажет. Заңды қабылдау қарыз алушылардың жанұяларында қаржылық жағдай нашарлаған жағдайда әлеуметтік шиеленісті төмендетуге мүмкіндік жасайды»,  деп есептейді «Флора» ҚҚ президенті Қанағат Такеева.

Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымның өкілі Ольга Антропова да коллекторлық қызмет туралы заң жобасын қолдайтынын жеткізді.

«Проблемалық қарыз алушылардың мәселелері бейбіт арнада және Ұлттық банктің бақылауымен реттелетін болады»,  деді ол.

«Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы кредитордың қарыз алушымен қарым-қатынас жасауының нақты нысанын айқындайды. Негізінен біздің барлық тілегіміз енгізілді. Борышкердің кез келген сәтте коллекторға қарыз шарттарын өзгерту туралы өтініш жасай алатын норма бар. Бұл өте дұрыс. Заң жобасының біздің қарыз алушыларды, яғни әлеуметтік тұрғыдан осал, тұрмысы төмен отбасыларын реттеуге қатысу мүмкіндігін алып тастайтыны туралы тармақ қана бізді толғандырады. Нақтылап қарасақ, халықтың 80 пайызы әлеуметтік осал топ санатына жатқызылады.  Менің ойымша, бұл кемсітушілік болып табылады және ол дұрыс емес»,  деп атап өтті аналардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Ел бірлігі» қоғамдық ұйымының өкілі Шолпан Ризабекова.

«Заң жобасы халыққа арналған заң», - деп өз пікірін білдірді «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ президенті Шаймұрат Қожағұлов.  Бұған депутаттардың қатысқанына өте қуаныштымын. Әрине, пысықтауды талап ететін кейбір мәселелер бар. Жұмыс аяқталмайды».

Тұтастай алғанда, «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы жалпыға ортақ мақұлдауға ие болды. Дөңгелек үстелге қатысушылар коллекторлардың қызметін кешенді құқықтық реттеу Қазақстанда коллекторлық қызметтің айқын және өркениетті нарығын құруға көмектеседі деген біртұтас пікірде болды. Қазақстан Ұлттық банкі өкілдерінің айтуынша, бұл заң жобасы борышкерлердің құқықтарын қорғау талаптарын ескере отырып, борыштық мәселелерді реттеу нарығын тұрақтандырады.

Еске сала кетейік, бұл заң жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар