Қоғамдық бақылауды реттеп отыратын заң керек - Зәуреш Батталова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова қоғамдық бақылау туралы заң жобасын әзірлеуге қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту» тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстелде.

Зәуреш Батталова ойын ортаға салды. Ол өз сөзінде «Қоғамдық бақылау» туралы заң Мемлекет басшысының басымдыққа ие заң ретінде тұрғанын» атап өтті. Оның пайымдауынша, қоғамдық бақылау мәселелерін нақты реттеп отыратын бірыңғай заң болуы керек.

«Қоғамдық бақылаудың субъектілері кім болуы тиіс – ең алдымен әлбетте жеке тұлғалар. Яғни, оның басында азаматтық белсенділік таныта білетін, әрекеттері заңға қайшы келмейтін азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық комиссия бақылаушылары, консультативті органдар, мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестер тұруы керек. Осы тізімді кеңейткен абзал. Сонымен бірге қоғамдық бақылаудың объектілерінің де тізімін ұзартқан дұрыс. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың ғана емес, квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, денсаулық сақтау басқармалары мен жеке мүлік формаларының, жұмыс берушілердің, жеке және заңды тұлғлардың – бір сөзбен бюджет есебінен ақша алатын, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындайтын, монополиялық орында тұрған нарықтардың субъектілері болуы керек», - деді ол.

Сондай-ақ, Зәуреш Батталова заң жобасының тұжырымдамасын қабылдауға және қоғамдық бақылау туралы заң жобасының өзін әзірлеуге атсалысуға ниетті екенін білдірді.

Айта кетсек Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауын талқылау бойынша «Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, орталық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.


Соңғы жаңалықтар