Қоғамдық бақылау: Павлодарға Катардан келген гуманитарлық жүк жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысына елімізге Катардан келген гуманитарлық жүк жеткізілді. Бұл жайында қоғамдық бақылаудың өңірлік үйлестірушісі Алма Қозбаева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, 2020 жылдың 14 шілдесінде Павлодар облысына Катардан жеке қорғаныс заттарының 18 түріндегі (қорғаныс маскасы, қорғаныс костюмі, пластика көзәйнек және басқалар) гуманитарлық жүк келіп түскен.

Қоғамдық бақылаудың өңірлік үйлестірушісі Алма Қозбаева Павлодар облыстық жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен бірге аталған гуманитарлық жүктің облыстағы 38 медициналық ұйымға жеткізілуіне мониторинг жасаған.


Соңғы жаңалықтар