Қоғамдық бақылау: Қызылордаға Қытайдан 34 мың маска және 8 мың қолғап жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылордаға Қытайдан гуманитарлық жүк жеткізілді. Бұл жайында қоғамдық бақылаудың өңірлік үйлестірушісі Лима Диас Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызылордада Қазақстандағы коронавирусты қоғамдық бақылау жұмысы басталды. Бүгін ғана біз Қытайдан гуманитарлық жүкті қабылдап алуға қатыстық. Жүк бүгін сағат 12:15-те түсірілді», - деп жазды ол.

Лима Диастың атап өтуінше, гуманитарлық жүкте 1 600 медициналық қорғаныс комбинезоны, 8 200 дана бір реттік хирургиялық қолғап, 50 инфрақызыл термометр, 5 400 дана №95 медицина маскасы, 28 960 хирургиялық маска, 3 700 медициналық қорғаныс көзәйнегі бар.

«Ертең, 2020 жылдың 15 шілдесінде гуманитарлық жүк медициналық мекемелерге бөліп беріледі», - дейді Лима Диас.


Соңғы жаңалықтар