Қоғамдық бақылау: Қызылордада карантинге қарамастан той өткізілген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада карантин талабын бұзғандар жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 қазанында жоспарға сәйкес жергілікті полиция еріктілермен бірге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында облыс орталығына рейд жүргізді.

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеуге қарамастан, бірқатар мекеме заңсыз жұмысын жалғастыруда.

Рейд барысында қоғамдық бақылау мүшелері отбасылық жиын мен үйлену тойына қатысты 3 факті тіркеп, 1 қорқор мекемесінің заңсыз жұмысы істегенін анықтады.

Сонымен қатар, іс-шара барысында түнгі уақытта алкоголь өнімін сатқан 2 сатушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар