Қоғамдық бақылау арқасында тендердің 200 млн теңгесі үнемделді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барлық өңірлерде қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп «Мемлекеттік сатып алуды қоғамдық бақылау» жобасы аясында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу порталдарына талдау жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осылайша, екі айдың ішінде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері агенттіктің аумақтық департаментінің қызметкерлерімен жалпы сомасы 200 млн теңге болатын бағаны қымбат көрсету фактісінің жолы кесілді», - делінген хабарламада.

«Қазақавтожол» ШЖҚ РМК-ның осындай жанар-жағармайды сатып алуы болдырылмады, нәтижесінде 46 млн теңге үнемделді.

Сондай-ақ, «Жамбыл облыстық қан орталығы» ШЖҚ РМК-ның 3,5 млн теңгеге бахил сатып алуы болдырылмай, қайта қаралғаннан кейін сатып алу сомасы 126 мың теңгеге төмендетілді. Осылайша, 3,4 млн теңге үнемделді.

«Бұл жұмыс жалғасын табады», деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. 

Соңғы жаңалықтар