Қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова өмірден озды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғам қайраткері Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Салтанат Рахымбекова өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында марқұмның күйеуі, «Ұлттық аграрлық ғылыми- білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Төлеутай Рахымбеков жазды.

Айта кетейік, Салтанат Рахымбекова 55 жасында пневмониядан көз жұмды.

Салтанат Рахымбекова 1965 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Әр жылдары Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, «Атамекен» Одағы Басқарма төрағасының кеңесшісі, Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясының басқарма төрағасы, Басқарушы директоры қызметін атқарды. Осы жылдың маусым айынан бастап елдің Азаматтық альянсының президенті қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар