Кофе арықтауға көмектесе ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Кофе тек әлемдегі ең танымал сусындардың бірі ғана емес. Ғалымдардың айтуынша, оның денсаулыққа да пайдасы бар. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде құрамында кофе бар сусындар диабеттен, қанайналым ауруларынан, ДНҚ-ны зақымдалудан қорғап, есте сақтау қабілетін жақсарта алады», - деп жазады Focus журналы. Автордың айтуынша, Ноттингем университетінің ғалымы Майкл Саймондс бастаған бір топ ғалым кофенің пайдалы әсері туралы зерттеу жүргізген.

«Зерттеу нәтижелерінде кофенің термогенинге әсер ететіні анықталды. Зерттеу барысында ғалымдар кофе ішкен адамдардың белгілі бір дене мүшелерінде температураның артқанын байқаған. Ғалымдардың айтуынша, бұл кофенің ағзадағы майды еріте алатынына алғашқы дәлел бола алады. Ғалымдар зерттеуді жетілдіре келе артық салмақ пен диабетпен күресуге көмектесетін жаңа әдістер табуға тырысып көрмек», - деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар