ҚМДБ-ның 30 игі шарасы: Жамбылда 3651 түп тал отырғызылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда ҚМДБ 30 жылдығына орай 3651 тал көшеті отырғызылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойдың құрметіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «30 жылдыққа 30 игі шара» науқаны аясында республика бойынша 30 000 түп тал егілмек.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді бабалар сөзінде. Халқымыздың әрбір сөзінің астарында үлкен мән жатыр.

Ендеше осындай игі шараны күнтәртібіне қойған діни басқарма даламыздың көркеюіне де өз үлестерін қосуда. Аталған 30 мың талдың 3651 түбі Жамбыл облысында егілді. Өңірдің барлық аймақтарында шырша, терек, қарағай, жеміс ағаштары, раушан гүлдері отырғызылды.

Оның ішінде Тараз қаласында 180 түп, Шу қаласында 300 түп, Шу ауданында 400, Қордайда 511, Мойынқұмда 55, Жуалыда 250, Меркіде 280, Таласта 500, Сарысу ауданында 300, Т.Рысқұлов ауданында 100 түп болса, Байзақта 280, Жамбыл ауданында 495 түп дарақ егілді», -делінген облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұл маңызды шараны мешіт қызметкерлері, имамдар, мешіт жамағаты бірлесе атқарды.


Соңғы жаңалықтар