ҚМДБ әлеуметтік желілер арқылы «Құрбан айт-ұлық мереке» атты онлайн шара ұйымдастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, Құрбан айттың алғашқы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) өзінің Youtube және Instagram парақшалары арқылы «Құрбан айт – ұлық мереке» атты насихаттық бағыттағы онлайн шара ұйымдастырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00 мен 09:00 аралығында өткен мерекелік бағдарлама ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Құрбан айт мерекесіне арналған ақ тілегімен ашылды.

Сондай-ақ қашықтан (онлайн) құрбан шалудың ерекшелігі (ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров), құрбан шалудың тарихы (ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков), құрбан шалудың шарттары (ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов) жайлы әдемі әңгіме өрбіді.

Бағдарлама барысында Әкім Тарази, Нұртөре Жүсіп, Дархан Қыдырәлі, Дихан Қамзабекұлы секілді ел ағалары Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.


Соңғы жаңалықтар