Климаттың өзгеруінен қызыл алма жойылуы мүмкін – ғалымдар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүкендерде жасыл, сары алманың түр-түрі тұратынына қарамастан, қызыл алманың орны ерекше. Тіпті, кітаптарда да алманың қызыл түсті болатыны ерекше деталь екені рас, деп жазады ВВС.

«Қазіргі алмалардың арғы атасы Қазақстанда өскен жабайы ағаштар болды. адамзаттың дамуынан соңғы елу жылда жабайы алманың саны азайғанына қарамастан, бүгінгі таңда ол жерлерде әлі де жабайы алма өседі», деп жазады автор.

Оның айтуынша, ғалымдар алманың түсіне алма қабығындағы белгілі бір ген әсер ететінін анықтады. Сонымен қатар алманың түсіне ауа температуасы да әсер ететіні белгілі болды.

«Ғалымдар күн ыстық болған кездері, әсіресе шілде айларында қызыл алманың реңі сарылау болатынын байқаған. Яғни, ғалымдар жаһандық жылыну салдарынан қызыл алманың жойылатынын болжап отыр», деп жазады басылым.

Соңғы жаңалықтар