+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Климат өзгергендегі жағдайлар медицина саласына да қауіпті – зерттеу

2019 жылғы 23 қыркүйек 07:21
Бөлісіңіз:
Климат өзгергендегі жағдайлар медицина саласына да қауіпті – зерттеу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал дәрігерлер төтенше климаттық жағдайлар болашақ әлем бойынша денсаулық саласына үлкен қауіп төндіретінін айтты, деп жазады The Guardian басылымы.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда дәрігерлер бес жасар қыздың өмірін сақтап қалды Обырмен күресте қаржыландыруды арттыру маңызды – Елжан Біртанов Обырдан емделуден қорықпау керек – бас онколог

«Тропикалық медицина мен гигиена қауымдастығы алдағы 25 жылда жаһандық жылынуға дайындалуға қабілетсіздіктің медициналық салдары қауіпті болатынына алаңдаулы. Алдыңғы қатарлы медицина қызметкерлері болашақтағы жаһандық денсаулыққа климаттық дағдарыс ең үлкен қауіп төндіреді деп есептейді», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, мұндай мәлімдеме жасаған әрі кедей мемлекеттерге тән тропикалық аурулар туралы жаңалықтар ашқан дәрігерлер үкімет пен денсаулық сақтау органдары жаһандық жылынудың салдарына дайындала алмайтынын айтқан.

«Мамандар жалған ақпарат пен ғылымға қарсы деректерге де алаңдаушылық білдіріп, олар денсаулық сақтау саласына қауіп төндіретінін айтқан. Қауымдастық мамандары денсаулық сақтау саласына төнетін мына қауіптерді бірауыздан атаған: миграцияның күшеюі, жаңа аурулар, климаттың тамақтануға әсері, инфекциялық аурулардың артуы», деп жазады автор.

Айта кету керек, «Адағы 25 жылда жаһандық денсаулық сақтау саласында не болады?» деп аталатын зерттеуде үкіметтер осы уақыт аралығында денсаулық сақтау саласына ерекше назар аудару керек екені айтылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT