ҚҚС өтемақысы қайтарыла ма - Мемлекеттік кірістер комитетінің жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Youtube желісінде және түрлі мессенджерде тараған қосылған құн салығының өтемақысы қайтарылатыны туралы видеоның жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, жаңа жылдың алдында қазақстандықтар WhatsApp арқылы Youtube желісінде жарияланған видеоны тарата бастады. «Сообщили новость» деп аталатын роликте «tax free» бойынша қосарланған құн салығының өтемақысын қайтару тәртібі жайында айтылады. Онымен 100 000 -1 500 000 теңгенің өтемақысын алуға болады-мыс. Видеоға сәйкес, алдымен арнайы сайтқа өту керек. Одан кейін 5 мың теңгенің көлемінде заңгерлердің ақысы төленеді. Соңында банк картасының нөмірін енгізу арқылы өтемақыны алуға болады. Видео авторлары бұл хабарламаны республикалық телеарналардың бірі эфирде көрсеткендей етіп монтаждаған. Жылдың аяғына қарай бұл видеоның жалпы қаралым саны 1 миллионнан асып кеткен.

«Туындаған сұрақтарды назарға ала отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарады және бұл - алаяқтардың әрекеті екендігіне баса мән беруге шақырады. Еске сала кетейік, Қазақстанда »tax free« жүйесі бар. Бірақ ол тек шетелдік туристер үшін Алматыдағы »Esentai Mall« сауда орталығында ілкі жоба ретінде қолға алынған. Оған сәйкес, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қосарланған құн салығы қайтарылады», - деп атап өтеді комитеттен.



Соңғы жаңалықтар