Кіші Рой Джонс Айдар Шәрібаевтың айқасын тамашалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік бокстың жарық жұлдызы 49 жастағы америкалық кіші Рой Джонс 12 сәуірде Индиода (АҚШ) Golden Boy Promotions-тың бастамасымен өтетін бокс кешіне құрметті қонақ ретінде қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА қазақстандық Diamond Ring промоутерлік компаниясының сайтына сілтеме жасап.

Рound-for-pound рейтингінің бұрынғы королі және болашақ Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі кіші Рой Джонс (66-9, 47 КО) Индиодағы Fantasy Springs Resort отель-казиносы аренасына Оскар Де Ла Хойяның Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отырған іс-шараға қатысады.

Бокс шоуының басты бағдарламасында Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) тұжырымы бойынша 2-ші жартылай салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Франсиско Варгас (24-1-2, 17 KO) пен америкалық Рода Сальки (24-4, 4 KO) жұдырықтасады. Кештің екінші басты жекпе-жегінде Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) құрлықаралық чемпионы титулы үшін Айдар Шәрібаев (7-0, 6 КО) пен америкалық Эндрю Канчио (17-4-2, 13 КО) айқасады. Біздің республикамызда бокс кешін тікелей эфирден 13 сәуір күні таңертең Setanta Қазақстан телеарнасы көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар