Кинотеатр, спорттық нысандарды салықтық тұрғыдан ынталандыруды қарастыру керек - Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке туристік саланы ынталандыратын шараларды қабылдауды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет және Ұлттық банк кәсіпкерлік субъектілерінің операциялық жұмыстарын қаржыландыруды қарастыратын жеңілдетілген несиелеу бойынша қосымша шаралар пакетін әзірлеуі керек» - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter -дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы сонымен қатар ШОБ-тың әлсіз санатын, атап айтқанда сауда нысандарын, кинотеатрлар мен театрларды, көрмелер мен спорттық нысандарды салықтық тұрғыда жігерлендіру керектігін еске салды.

«Маған түсіп жатқан көптеген өтінішке байланысты Үкімет туристік саладағы субъектілерді қолдау бойынша ынталандыру шараларының пакетін әзірлеуі тиіс», - деп жазады Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар