+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Киноактриса Самал Еслямова «Biz Birgemiz» акциясына қатысты

2020 жылғы 27 наурыз 21:09
Бөлісіңіз:
Киноактриса Самал Еслямова «Biz Birgemiz» акциясына қатысты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Канн кинофестивалінің жеңімпазы Самал Еслямова «Biz Birgemiz» республикалық акциясын қолдап, нұротандықтармен бірге мүгедек әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, елдегі төтенше жағдайға байланысты партия өкілдері қоғамның әлжуаз топтарына қолдау көрсетіп жатыр. Бұл жолы олардың қатарына танымал киноактриса Самал Есләмова қосылып, мұқтаж жандарға көмекке бағытталған «Biz Birgemiz» республикалық акциясына қатысты.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Петропавлда тұратын 3-ші топтағы мүгедек Роза Имақованың пәтеріне барды.

«Қазір дәріханаларда маскалар мен антисептиктер тапшы, бүгін маған бұл заттарды ұзаққа жететіндей етіп әкелді. Денсаулығыма байланысты дүкенге шығу қиын, әрі инфекция жүріп жатқанда тек аса қажет болған жағдайда ғана далаға шыққан жөн. Қыз-жігіттер азық-түлік те әкеліп берді. Сол үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Әрі Самал Есләмовамен кездесіп, сөйлесіп, көңілім бір көтеріліп қалды», - дейді Роза Имақова.

Акцияға қолдау білдірген Самал Есләмова қазіргідей қиын жағдайда мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көп балалы отбасыларға және жалғызілікті зейнеткерлерге мұндай көмек бірінші кезекте қажет екендігін айтады.

«Қазір көптеген адамдар пандемияға байланысты жағдайға тәуелді болды. Бізде көп балалы отбасылар, мүгедектер бар, оларға көмек қажет. Мен осындай акцияға алғаш рет қатысудамын, «Nur Otan» партиясы үлкен іс атқарып жатыр деп есептеймін. Мұндай қиын сәтте адамдарға көмектесу өте маңызды. Мен де өз үлесімді қосып, осындай акцияларға тағы да қатысуға дайынмын», - деді актриса.

Бүгін «Biz Birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанаты белсенділерінің арасынан шыққан волонтерлер бүкіл өңір бойынша 700-ге жуық адамға барды. Оларға антисептикалық, гигиеналық құралдарды және бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдерін таратты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT