Ким Чен Ын тағы да көрінбей кетті

None
None
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея солтүстіккореялық көшбасшы Ким Чен Ынның қайда жүргенін назардан тыс қалдырмауда, деп хабарлады жұма күні елдің бірлесу министрлігінен. Ким Чен Ын үш апта бойы жұртшылық алдына шықпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Кимнің денсаулығы мен оның қайтыс болуы туралы өсек-аяң жұрт алдына 20 күн шықпай, 1 мамырда зауыт құрылысының аяқталу салтанатына барған соң тоқтады.

Қаңтар айында Ким Чен Ын жұрт алдына 21 күн бойы шықпаған болатын. Ким осылай жиі жоғалады. 25 қаңтар күні Пхеньянда Жаңа жылды тойлауға арналған концерттен соң ел көшбасшысы үш апта бойы көрінбей кеткен. Ақыры мемлекеттік БАҚ оның қайтыс болған әкесінің туған күнінде Пхеньяндағы кесенеге барғанын хабарлады.

Жұрт көзінен ең ұзақ жоғалғаны 2014 жылдың қыркүйегінде болған. Ол кезде Ким Чен Ын 40 күнге жоғалды.


Соңғы жаңалықтар